СҚО жұмыс сапармен келген ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Петропавлда салынып жатқан облыстық көпбейінді аурухананың құрлысы қашан аяқталатынын айтты. БАҚ өкілдеріне берген жауабы кезінде министр 2019 жылы құрылысы басталған облыстық аурухананың қазіргі жағдайын сөз етті.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Мердігерлермен кездестік. Олардың айтуы бойынша, жылдың аяғына дейін монолиттің құрылысы толық аяқталады.Аурухана жоспар бойынша 2025 жылдың соңы, 2026 жылдың басында қолданысқа беріледі».

Сондай ақ, журналисттер науқастар не себепті бейінді маманға терапевт арқылы баруы керек деген сауалдарды да жолдады. Бұған министр былай деп жауап берді.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Бейінді маманға тікелей бару үшін қосымша тексеріс қажет. Тексерістен кейін ғана біз оны бейінді маманға жібереміз.  Сол кезде пациент пен дәрігер  уақыт жоғалтпайды. Біз осындай механизмді оңтайлы деп санаймыз, әрине оған тиісті өзгерістер енгіземіз және менің ойымша, бір ай ішінде ол бекітілетін болады".

Жиын барасында адам папиллома вирусына қарсы вакцинация туралы да айтылды. Бұл екпе 1 қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға қойылады. Министрдің сөзінше, бұл онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған.