Өнер мен технологияны Рио-де-Жанейрода жаңадан есігін ашқан көрме біріктірді.Онда 70-ке жуық интерактивті жұмыстар ұсынылды. Олардың  тізіміне  әлеуметтік қарым-қатынастарды қалыптастыратын машина, кванттық физиканы түсіндіретін жеңіл серіппелер және адам қозғалысына жауап беретін шатырлы роботтар кіреді.

ИЗАБЕЛЛА, КӨРМЕГЕ КЕЛУШІ: «Бұл жерде біздің ұжымдық мінез-құлық қалай көрсетілгені қызық болады деп ойлаймын. Әрине бұл  аздап күлкілі нәрсе».

Көрмеге келушілер өздерінің цифрлық аватарын жасай отыра,виртуалды адамдар тобына қосыла алады.

ХАННА ХААСЛАХТИ, ФИНЛЯНДИЯДАН КЕЛГЕН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:«Бұл виртуалды адамдар тобына қосыла  алатын қондырғы.Сіздің бетіңізді түсіру арқылы аватар жасалынады. Аватарыңызды экранда бұрын цифрланған беттердің арасыннан көруге болады».

Бұл интерактивті қондырғы кванттық физика ұғымдарын түсіндіреді.

РОБИН БАУМГАРТЕН,ГЕРМАНИЯДАН КЕЛГЕН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:«Бұл кванттық джунгли,менің 720 сенсорлы металл серіппелерден тұратын интерактивті өнер қондырғым. Бұл қондырғыда мен кванттық бөлшектер мен олардың қозғалысын көре аламын. Бұл серіппелерге қол тигізгенде,олар шын мәнінде кванттық бөлшекті жасайды. Содан кейін бөлшек қозғалысын модельдеу үшін Шредингер теңдеуін пайдаланады».

Ал Nova Bienal Rio көрмесі "Ертеңгі күні" атты  мұражайында өткізіледі.Оның мақсаты - келушілерге кеңейтілген және виртуалды шындықты, жасанды интеллектті, машиналық оқытуды, анимацияны, ойын өнерін және бейнені көрудің бірегей мүмкіндігін беру.Естеріңізге сала кетейік,Шара 29 қазанға дейін жалғасатын болады.