5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары полярлық шұғыланы тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл – Қазақстанға тән емес метеорологиялық құбылыс, десек те оны солтүстік өңірлерден басқа , орталық, шығыс Қазақстанның тұрғындары да байқаған.

Әлеуметтік желілерде кең таралған мына бейнежазбалар мен суреттер - Солтүстік шұғыла деп аталады. Бұл құбылыс туралы деректер біздің заманымызға дейінгі 2600 жылғы көне қытай жазбаларында кездеседі. Андрей Солодовниктың айтуынша, өткен түнде болған Полярлық шұғыла аса таң қалатын дүние емес. Ол Солтүстік Қазақстан облысында екі-үш жылда бір рет қайталанатын табиғат құбылысы. 

АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК KOZYBAYEV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ: «Полярлық шұғылада ең көп көрінетіні жасыл-сары түсті шұғыла. Олар оттегі мен Күн молекулаларының өзара әрекеттесуінен жерден 240 шақырым биіктікте пайда болады. Егер Күн молекулалары азотпен өзара әрекеттессе, аспанда қызыл немесе көк түс пайда болады. Ал олардың басқа түстерін тек арнайы құрылғылар арқылы ғана көре аласыз»

ҚОЗЫКЕ ТӘУКЕ "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК МЕТЕОРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ «Полярлық шұғыланы күннен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде байқауға болады. Солтүстік шұғыла-геомагниттік белсенділіктің салдары. Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерімізге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі».