Циклон ықпал етіп, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 3 шілдеде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік және солтүстік-батыста тұман түседі.
Алматы облысында, Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстанның солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болмақ. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.