5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, Тіл білімінің негізін қалаушы, ғалым, ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.Қайраткердің дүние есігін ашқан күні елімізде – Тілдер күні болып бекітілген.Осыған орай, Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүлшоғы қойылып, республикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тілтанушылар, музей қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
РАЙХАН ИМАХАМБЕТ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МУЗЕЙ ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Мемлекеттің бекітуімен – Қазақстан халқының тілдер күні.Осы мереке неге А.Байтұрсынұлының туған күніне орайластырды деп ойлайсыздар? Әлбетте, Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ Тіл білімінің атасы, қазақа керек тіл білімі мен ұлттық әдебитанудың негізін салушы болғандықтан, ол кісінің туған күніне арнайы орайластырған осы Тілдер мерекесінің дәстүрлі өтіп келе жатқанына 10 жылдай болады. 01:25\ 01:55 Тілдер мерекесі не үшін керек дегенде осы қазақтың елін ,жерім Отаным деп түрлі ұлыстар тұрып жатса, сол кісілерге ортақ тіл болатын қазақтың ана тілі, қазақтың тілі,мемлекеттік тіл.Мемлекеттік тілдің негіздеушісі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық жазуын салғандықтан ол кісінің үйінде осы жиынның өтуі үндесімі жарасқан табиғи құбылыс деп қабылдаймын».
Сонымен қатар, аталмыш шарада «Ахмет. Алаш ардақтысы» кітабының тұсауы кесілді.
ӘСИМА РЫСҚҰЛБЕКОВА, АЛМАТЫ КІТАП БАСПАСЫНЫҢ БАСПА БӨЛІМІ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Бүгін ұлт ағартушысы, ұлт ардақтысы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 152 жасқа толып отыр.Байтұрсынов музей үйінде керемет іш-шара өтіп жатыр. Біз де Алматы кітап баспасы осы іс-шараға арнайы қатысуға келіп отырмыз.Себібі біз биылғы жылы 00:39\ арнайы Ахмет Байтұрсынұлына арнап «Алаш Ардақтысы» деген кітапты шығарып отырмыз.Бұл кітаптың авторы осы музей меңгрушісі Райхан ханым.Кітаптың мазмұына келер болсақ:Осы уақытқа дейін жарияланбаған Байтұрсыновтың орыс тілінде аударылған өлеңдері енгізілді және еш жерде жарияланбаған мұрағаттық қолжазбалары сонымен қатар тарихи мұрағаттары сақталған Байтұрсыновтың қолжазбалық мұралы енді».
Тіл пәндерін оқытуда балалардың тілді жетік меңгеруіне және тілдік сауаттылығын терең, жан-жақты дамытуына Ахмет Байтұрсынұлының үлесі зор.