Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында 700-ден аса тұрғын өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмай келген. Түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған тұрғындарды Аудандық прокуратура қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегенін анықтады. Заңбұзушылық аудандық ауруханадағы тегін медициналық көмек көлемін талдау аясында белгілі болды.Прокуратураның қадағалауымен тегін дәрі-дәрмекпен қамту ұйымдастырылып, басқа да қажетті препараттарды алуға алдын ала тапсырыс берілді.
ЕРНАТ МАҚСОТОВ,БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ