Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет 76 жастағы науқасқа Micra электродсыз кардиостимуляторы салынды. Кардиостимуляция технологияларының жаңа буыны жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын емдеуде тың бағытқа жетелемек.

Микраның көлемі ықшам, оны тікелей жүрек қуысына орналастыру оңай. Жетілдірілген технологиялар мен био-сенсорлардың көмегімен құрылғы қажетті электрлік импульстарды қамтамасыз ете отырып, жүректің жұмысын жақсартады.

ӘДІЛ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ А.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕНТГЕНХИРУРГИЯ, ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРИТМОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Сондай-ақ, басты артықшылықтарының бірі - оның ұзақ қызмет ету мерзімінде. Батареяның жаңа буыны құрылғының 12 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Micra электродтарды өткізудің асқыну қаупін айтарлықтай төмендетеді, олардың зақымдану немесе инфекция түсу қаупінен сақтайтынын да айта кету маңызды.

АРТУР АБДУМОМУНОВ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ОРДИНАТОРЫ «Бүгін біздің кардиология институтындағы клиникамызда алғаш рет имплантация Micrа деп аталатын Metronik компаниясының электродты кардиологиялық бағалау құралынсыз операция жүргізілді. Бұл электродсыз стимуляцияға арналған әлемдегі алғашқы құрылғы.Оның өлшемі өте кішкентай және бұл жүрек өткізгіштігінің бұзылуының ауыр жағдайларына тап болған науқастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан революциялық құрылғы. Ол аз инвазивті процедуралар арқылы тікелей жүрекке имплантацияланады, бұл - пациент үшін қауіпсіз және ыңғайлы. Операция сәтті өтті. Науқастың жағдайы жақсы».

Пациентке операция МӘМС есебінен тегін жасалды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ заман талабымен қатар жүретін және институт пациенттерінің денсаулық жағдайын, олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін озық емдеу әдістерін қолданатын жетекші медициналық мекеме ретіндегі беделін тағы да растауы қуантты.