Қазыналы ғұмыр, өлшемі шексіз мұра. Қазақ ғылымында есімі алтын әріппен жазылған ғалым рухына тағзым ретінде арнайы аудитория ашылды.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде енді алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Қабдолқайырұлы Әнес атындағы аудитория бар. Шараның салтанатты тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева және ғалымның жұбайы, ф.ғ.д., профессор Бағдан Момынова келіп, лентасын қиды.
Мағыналы, мазмұнды шара барысында профессор Ғарифолла Әнестің қазақ әдебиеттануы мен алаштану ғылымына қосқан зор еңбегі, ғалымның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен айтылды. Аудитория заманауи технологияларға сай әрі ғалымның ғылыми еңбектері мен өмір деректерін қамтып, жасақталған.
Ғалымның хаты, жақсының аты ешқашан өлмек емес. Шынында, Ғарифолла Есім қазақ ғылымына, руханияты мен мәдениетіне үлкен еңбек сіңірді, өлшеусіз мұра қалдырды. Сол іс, сол еңбек әлі талай буынға тағлым болары ақиқат.
https://www.youtube.com/embed/chNmVS3vU1g?si=SgbQbmJY4qdTxQJE"
https://www.youtube.com/embed/swSn9w7elmo?si=fp_7eZQGKrkp8cZq"
Алматыда футболдан әуесқой J лига ойыны кезінде жанжал шықты. Pioneer мен Eric-Son командаларының кездесуінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан. Төреші полицияға арыз жазып, шағымын білдірді.
Матчтың 80 минутында бас төреші Pioneer командасының ойыншысына қызыл қағаз көрсеткен. Шешіммен келіспеген футболшы төрешіге бірнеше рет соққы жасаған. Артынша бұл оқиға үлкен жанжалға ұласқан. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Олардың айтуынша, қылмыстық іс қозғалған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталғанын хабарлайды. Қазір Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мән-жай анықталып жатыр».
Бұл оқиғаға байланысты J лига ресми мәлімдеме жасады. Pioneer командасының ойыншылары OFL-J-LIGA қолдауымен өтетін барлық турнирден өмір бойына шеттетілмек.
https://www.youtube.com/embed/vqvbJ9I_YOQ?si=XTKPTymcAUb-bWys"
Бүгін Жаутіков атындағы Халықаралық ХХ-ші Олимпиаданың ашылу салтанаты орын алды. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға математика, физика мен химия саласының майталмандары бас қосты. Шарада Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев олимпиада қатысушыларын құттықтап, байқаудың маңыздылығын атап өтті.Айтулы олимпиадаға Армениядан, Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден, Болгариядан қатысушылар келді.
АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ МАТЕМАТИК, ПРОФЕССОР: "Биыл Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы 20-шы рет өткізгелі тұр. Бұның айтайын қысқаша тарихы мынандай. Мен Еуропада бірнеше жыл болғанмын. Сонда жүргенімде, Қазақстандағы ғылым деңгейі, білім деңгейі өте жоғары екенін байқадым. Сондықтан елге келгесін, өзімнің оқушыларыма, ол кезде физхим директоры Мәжіт деген жігіт болған, Қайрош деген жігіт болған. Соларға айттым: Біз осындай халықаралық деңгейдегі әлемді олимпиада ұйымдастыратын болайық. Бұл жігіттер осыны жүзеге асырды. Алғашқы олимпиада 3-4 елден келсе, қазір 17 елден келіп отыр. Бұл қазір әлемде өте беделді олимпиада. Өйткені бұның дипломын алғандар ертең өз елінде оқуға түсуге, дипломның жоғары беделі бар. Сонымен қатар бұндағы оргкомитет өте жоғарғы деңгейде. Оргкомитет төрағасы - мен. Бұның құрамында оншақты адам бар әр елден Армениядан, Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден, Болгариядан. Бұның ең қиыны есеп құрастыру. Есеп құрастыру оңай шаруа емес. Оны кез келген академик, кез келген профессор, доктор құрастыра алмайды. Мысалы, мен өзім берген есебім өтпейді бұнда. Өйткені, менің есебім оларға жарамайды. Білдіңіз ба? Оның бірнеше шарты бар. Біріншіден, ол оңай болмау керек. Екіншіден аса қиын да болмауы керек. Үшіншіден программада болу керек. Төртіншіден, әдемі болу керек".
Оқушылар арасындағы физика,математика және айти пәндері бойынша орын алып отырған олимпиада 13-ші қаңтарға дейін орын алады. Жүзден жүйрік шыққандары бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.
Тағы басқа мақалалар...
1 ішінен 3 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.