Бүгін Жаутіков атындағы Халықаралық ХХ-ші Олимпиаданың ашылу салтанаты орын алды. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға математика, физика мен химия саласының майталмандары бас қосты. Шарада Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев олимпиада қатысушыларын құттықтап, байқаудың маңыздылығын атап өтті.Айтулы олимпиадаға Армениядан, Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден, Болгариядан қатысушылар келді.
АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ МАТЕМАТИК, ПРОФЕССОР: "Биыл Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы 20-шы рет өткізгелі тұр. Бұның айтайын қысқаша тарихы мынандай. Мен Еуропада бірнеше жыл болғанмын. Сонда жүргенімде, Қазақстандағы ғылым деңгейі, білім деңгейі өте жоғары екенін байқадым. Сондықтан елге келгесін, өзімнің оқушыларыма, ол кезде физхим директоры Мәжіт деген жігіт болған, Қайрош деген жігіт болған. Соларға айттым: Біз осындай халықаралық деңгейдегі әлемді олимпиада ұйымдастыратын болайық. Бұл жігіттер осыны жүзеге асырды. Алғашқы олимпиада 3-4 елден келсе, қазір 17 елден келіп отыр. Бұл қазір әлемде өте беделді олимпиада. Өйткені бұның дипломын алғандар ертең өз елінде оқуға түсуге, дипломның жоғары беделі бар. Сонымен қатар бұндағы оргкомитет өте жоғарғы деңгейде. Оргкомитет төрағасы - мен. Бұның құрамында оншақты адам бар әр елден Армениядан, Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден, Болгариядан. Бұның ең қиыны есеп құрастыру. Есеп құрастыру оңай шаруа емес. Оны кез келген академик, кез келген профессор, доктор құрастыра алмайды. Мысалы, мен өзім берген есебім өтпейді бұнда. Өйткені, менің есебім оларға жарамайды. Білдіңіз ба? Оның бірнеше шарты бар. Біріншіден, ол оңай болмау керек. Екіншіден аса қиын да болмауы керек. Үшіншіден программада болу керек. Төртіншіден, әдемі болу керек".
Оқушылар арасындағы физика,математика және айти пәндері бойынша орын алып отырған олимпиада 13-ші қаңтарға дейін орын алады. Жүзден жүйрік шыққандары бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.