Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алғашқы қаражат алатын балалар тізімін жасады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

“Ұлттық қор - балаларға” жобасы аясында қаражат аударылатын балалар тізімі 1 ақпанда ашық жарияланады. Дерекке сүйенек, қазір тізімде 7 миллионға жуық бала бар. 

"БЖЗҚ жобасының операторы "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша алғашқы аудармаларды алатын қазақстандықтардың тізімін жасап қойды. 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады. Қазір тізім тексеріліп жатыр", - делінген БЖЗҚ ақпаратында. 

Сонымен қатар, қор дерегінше алғашқы төлемдер ақпан айынан бастап аударылады. 

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы 18 жасқа толғандар қанша теңге ала алатынын жазған едік.