Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері 20 тонна мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрген. Келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады.
Оқиға жаз айының басында Мәртөк ауданында болған. Ер адам мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігін өртен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қамауға алды.
ЕРБОЛАТ САРКУЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Тексеріс барысында полиция күдіктіні анықтады. Ол Мәртөк ауданының тұрғыны болып шықты. Ол жеке қарым-қатынас нәтижесінде фураны өртеп жіберген. Оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің тұрған жерін анықтап ұстады.