Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім апелляциялық сотта қайта қаралды. Қорғаушылар мен сотталғандардың адвокаттары сот үкімімен келіспей, шағым келтірді. Соттың шешімі бойынша бірінші сатыдағы үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ екендігі айтылып, өзгерісіз қалдырылды.

Еске слайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырып, рейдерлік әрекетке бағытталған, өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырғаны үшін 11 жылға сотталған еді.