Бүгін Алматы қаласы мен басқа да облыстардың колледж білім алушылары  арасында «XXI ғасырдың бухгалтері: Менің кәсібім – менің мақтанышым!» атты қалалық байқау өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандықтың болашақ мамандары бүгінгі байқауда арнайы пәндер мен кәсіби модульдерді зерделеу кезінде алынған кәсіби құзіреттіліктерінің меңгеру деңгейін анықтады.

АЙДАР ЕРБОЛАТҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Меніңше, ХХІ ғасырдың мемлекеттік қызметшілері, ең алдымен, мақсатты да бастамашыл, тұрғындармен тіл табыса алатын, жұмысына адал болуы керек. Себебі, Президентіміз айтқандай, біз қазір мемлекеттік қызметтегі кадрларды жаңарту курсындамыз. Яғни, әр облыста өңірлік кадрлық резервтер қалыптасады. Содан кейін ең дарынды, ынталы кадрлар қала әкімдігі мен оның бөлімдерінде ғана емес, аудандарда да жұмыс істеуге тартылады».

Былтырғы жылы байқау бірінші рет өткізілсе де, көп облыстардан сұраныстар түсе бастаған. Биыл жарысқа Жетісу облысы мен Абай облысының білімгерлері және Алматы қаласының колледж студенттері бақ сынады.

ҒАЛЫМ ІЛЕСХАНҰЛЫ АМБК ДИРЕКТОРЫ:  «Мамандықтарды даярлау ретінде тек қана жұмысшы мамандарын даярлаумен қатар, орта буындағы мамандарды да даярлаймыз. Бүгінгі сіздердің куә болып отқан байқауларыңыз орта буын бухгалтер мамандығына арнап істеп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз – білім алып жатқан студенттеріміз өз білімін шыңдау және оны көрсете білу. Бәйгеге түсіп, білімін алға шығарып, дәлелдеп беру».