Ыстық кезде көптеген адамдар кондиционерді пайдаланады. Австралия ұлттық университетінің зерттеушілері заманауи құрылғыны көп пайдаланудың зиянын анықтаған. Ғалымдар кондиционерді үнемі пайдаланған жағдайда адамдар табиғи ыстыққа ағзаларының бейімделуін жоғалтады деген тұжырым жасаған.

Австралия тұрғындары да заманауи технологияны пайдаланудан кенде емес.

ДАРВИН ТҰРҒЫНЫ:
«Мен оны тәулік бойы қолданамын. Ешқашан өшірмеймін».

ДАРВИН ТҰРҒЫНЫ:
«Мен де үнемі кондиционер пайдаланамын, өйткені біз қатты ыстыққа үйренбегенбіз».

Аталмыш технология адамдарға аптап ыстықтан аман қалуға көмектеседі дегенмен,Австралия ұлттық университетінің зерттеушілері қауіптің де жоқ емес екендігін айтты.

[Саймон Квилти, зерттеуші]:
«Қазір Кэтрин сияқты қалада 45 градустық күнде сіз ыстықтан өлуіңіз ықтимал. Себебі кондиционер ыстыққа бейімделуді қиындатады».

Мысалы,Австралиялық аборигендер әлі күнге дейін ыстық ауа-райына жақсы төзеді. Олардың көпшілігі бұл технологияны қолданып та көрмеген.

САЙМОН КВИЛТИ ЗЕРТТЕУШІ:
«Тәулігіне он, тіпті 20 сағатты кондиционері бар бөлмелерде өткізу ағзаның ыстыққа бейімделуіне жол бермейді».

Ғалымдар кондиционерді мүмкіндігінше аз пайдалануға немесе температураны 25 немесе 26 градусқа орнатуға кеңес береді. Ал,мынадай желдеткішті қосу қауіпті емес екенін айтады. Бұған қоса зерттеушілер ыстық елдерде күндіз жұмыс істемейтінін алға тартады.