Австралияның Дарвин қаласында «күн» автокөліктерімен жарыс басталды. Бұл күн батареясымен жұмыс істейтін электромобильдер.

Түрлі елдерден келген қатысушылар Аделаиданың оңтүстік қаласына дейін бүкіл Австралияны кесіп өтуі тиіс.

КЭТРИН ФЛАНДРС – SOLAR CAR ӨКІЛІ:  "Біздің көліктерде кондиционер жоқ. Сыртқы температураға қарағанда іші ыстық. Шамамен 50 градус болар. Желдеткіш бар, бірақ мен жұмысыма берілгенде ыстықты сезінбеймін де".

Жарыстың мақсаты - мәреге тезірек жету. Бір аптаның ішінде командалар «күн» көліктерімен үш мың шақырымды бағындырады. Жарысқа негізінен университет командалары қатысады. Бірақ ірі автокөлік брендтері де жиі келеді. Олар үшін жарыс - электромобильдер саласындағы болашақ технологияларға арналған сынақ полигоны.

ИОАН ПИК – ДЖОНСОН -  SOLAR CAR ӨКІЛІ: "Біз  - 3000 шақырымды игеруіміз керек. Бұл солтүстіктен оңтүстікке қарай бүкіл Австралия. Біз күн қуатымен қозғаламыз. Ал оның негізінде өте жеңіл және өте аэродинамикалық құрылым жатыр".

Жолда командалар төтенше жағдайларға жиі тап болып жатады.  Жолда қалып жатса  улы жыландар мен қауіпті жәндіктер,  жыртқыштар мекендейтін жерлерде түнеуге тура келеді. Күндіз ауа температурасы 40-тан асса, кешке   салқын самал болады.  Жарысқа автокөліктердің екі түрі қатысады. Біріншісі - Challenger класындағы бір орынды электромобильдер. Олар максималды аэродинамикалық және электрлік тиімділікті ескере отырып құрастырылған.

РИЧАРД ХОПКИНС – SUNSWIFT RACING КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: "Электр көліктерімен жүреміз деп кім ойлаған.1987 жылы  бұл ертегі сияқты көрінетін.  Австралияда бұл қалыпты жағдай,  әлемнің қалған бөлігін қуып жетеміз. Күн батареясындағы автомобильдер - бұл келесі қадам".

Биыл автокөліктерде Bridgestone шиналарының прототиптері тестіленеді, олардың 63%-ы қайталама шикізаттан тұрады. Олардың міндеті - жүріс қорын ұлғайту арқылы үйкелісті қысқарту.