Бүгін Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығында Жаңа Студенттік жатақхананың ашылу салтанаты өтті. Бұл студенттердің іс-тәжірибелерін жетілдіруде үлкен маңызға ие. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Жаңа жатақхана  Алматы облысы, Талғар ауданы, «Байбұлақ» ауылында орналасқан. Салтанатты іс-шараға университет ректоры, Талғар ауданы әкімдігі, университет проректорлары, факультет декандары, департамент директорлары, ғалым ардагер ұстаздар қатысты.

ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ; «Өткен жылдары осы жерлерге келгенде, бұл жерді жатақхана деп айтуға ұят болатын.Ректор келіп Ақылбек Қажағұлович қолға алып, осындай жақсы бір бастама бастап жатыр.Әлі алда мұнда үлкен жоспар өзі айтып өткендей 2 қабатты, 3 қабатты оқу кафедралары ашылады.Енді бұл дегеніміз, балаларға біз жақсы условия жасасақ, болшақта үлкен жақсы кәсіби маман болып шығып, елімізді дамытуға үлкен үлестерін қосатын азаматтар болады деп сенемін».

Сондай-ақ, ашылу салтанатынан бөлек, елімізде тұңғыш ашылған «Қазақстан-Нидерланды интенсивті бақ» орталығына, «Жеміс дақылдарының көшеттігі» мен «Қазақстан-Корей ақылды жылыжайына» экскурсия жасалып, жатақхана аумағына ағаш көшеттерін отырғызып,көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

ПІРІМҚҰЛ ИБРАГИМОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Бүгін Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетімізде тарихи күн болып есептеліп жатыр.Біз өте қуаныштымыз.Осы күнді біздің  жалпы университетіміздің профессорлық оқытушылық құрамы, біздің білім алушыларымыз көптен күткен.    Біздің студенттеріміз жылына сезон бойынша осында келіп, жатып, осында тәжірбие алып, айлап, жылына 4-5 рет әр сезонға, жыл мезгіліне  байланысты студенттер жыл бойы өздерінің оқу бағдарламаларындағы теориялық алған білімдерін, практика жүзінде осында іске асырады».

Жаңа жатақхананың ашылуы – білім беру саласындағы елеулі жетістік. Бұл студенттерге қажетті барлық жағдайды жасап, олардың білім алуына, дамуына және болашақта табысты маман болып қалыптасуына зор үлес қосары сөзсіз.