Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Райымбек ауданы – табиғаты көркем, тарихы терең, туризмді дамытуға ерекше қолайлы аймақ. Аспанмен астасқан асқар таулар, мөлдір бұлақтар, көкмайса жайлаулар мен киелі орындар бұл өлкеге ерекше тартымдылық сыйлайды.
Райымбек ауданында туризмді, әсіресе эко және этнотуризмді дамутуға мүмкіндігі мол. Мұның айқын дәлелін биік таулы Байынқол өңірінің оң қапталындағы аңғарға орналасқан Шоғансайды ауыз толтырып айтуға болады.
БЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Осы алдымыздағы 5 жылға қойып отырған мақсаттарымыз өзіміздің ауданымыздың табиғаты жағынан ерекшеленетіндіктен біз осы ауданымызда туризмды дамытсақ деген үлкен жоспар құрып отырмыз.Осы жоспарымызды іске асыру үшін бірінші ішкі инфрақұрылымдарды жөндеп, содан кейін сол демалыс орындарына баратын игфрақұрылымдарды жасау керек қой, соған жоспарларымызды жасап жатырмыз.Бірінші мәселе әрине жол мәселесі ол жерде, одан кейін электричество мәселелері бар соны кезең-кезеңімен жүзеге асыратын боламыз».
Аудан әкімінің айтуынша туризмды дамыту бойынша ҚХР-на жаяу өткел ашу жоспарда бар. Туристердің көптеп келуі аудан тұрғындарына жеке кәсіп ашып, табыс табуларына таптырмас мүмкіндік.
БЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Осы жақында ғана барып қайттық Қытай еліне, біздің шекараның аржағындағы көршілерімізде табиғаты да біздің табиғатымызбен теңдей, қысы да, жазы да, жыл мезгілдері де беірдей. Сондықтан бұл кісілерден түйгеніміз туризмді дамытуға әбден мүмкіндік бар».
Бұл жұмыстардың барлығы Райымбек ауданын Қазақстанның туристік картасындағы маңызды орталықтардың біріне айналдыруға, туристер ағынын арттыруға және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Дегенмен, әлі де шешімін таппай отырған мәселелер бар.Жол және сервистік қызметтің жетіспеушілігі. Жергілікті билік өкілдері айтулы жағдайлар алдағы уақыттары реттелетіндігін айтуда.