Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Әсіресе орман байлығын сақтап, оны көбейту – болашақ ұрпақ үшін қалдырар аманаттың ең қымбаты. Осы бағытта елімізде көптеген игі істер атқарылып келеді. Солардың бірі – Іле-Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі мамандарының жүргізіп жатқан тыңғылықты жұмыстары. Бүгін, Ақсай филиалының табиғат сақшыларымен Қаскелең орманшылығының мамандары орманды қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру мақсатында ель шыршасының дәнін себуді бастады.
ШАЛҚАР ДӘУРЕНБАЕВ ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП АҚСАЙ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ақсай филиалының мамандары жасыл желек қорын молайту үшін 10 гегтар алқаптың 3 мыңнан астам аймағына шырша ағашының көшеттерін тұрақты түрде отырғызады.Бұл өз кезегінде орман ағаштарының сиреуін алдын алады. Орман, Жер-ананың тынысы. Ол ауа тазалығын сақтайды, жауын-шашынды көбейтеді, климаттық тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жасыл-желекті сақтау – тек табиғат жанашырларының ғана емес, барша халықтың ортақ міндеті. Ұлттық парк мамандары орманды өрттен қорғау, оны алдын-алу мақсатында тиісті шараларды жүргізіп келеді. Тілсіз жау, жаз мезгілінде көп қатер туғызады.
САПАРБЕК ОРМАНБЕКОВ ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП АҚСАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ