"

Алматыда қазан айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясындағы күзгі ағаш отырғызу науқаны белсенді түрде жалғасуда. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Адам мен табиғат арасындағы байланыс тіршіліктің тамырына қан жүгіртеді. Мемлекет тарапынан да қоршаған ортаға деген қамқорлық аясы кеңейе түсуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жасыл желектердің тіршілік ету деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар Алматының жасыл қорын сақтау және кеңейту.

ДӘУЛЕТ БАҚЫТЖАНОВ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ; «Қазір Алматы қаласы бойынша 150мыңнан аса көшет отырғызылды, жылдың соңына дейін әлі де күтілуде 320мыңға дейін отырғызылу. Оның барлығы ауа райының қолайлығына байланысты.Негізгі отырғызылу Алатау ауданының төңірегінде жүргізіліп жатыр. 0:50- 01:14 Күтіміне келетін болсақ,жасыл желектерді қорғау қағидаларына сәйкес, отырғызылған ағаштар бойынша 3 жылдық күтім мердігерлік ұйымға жүктеледі.Яғни ол ағаштарға өлім, қурау, дұрыс күтім жүргізілмеген жағдайда мердігер ұйым өз қаражатына қайта қалпына келтіру шараларын жүргізетін болады.»

Айта кетейік, осы мақсатта жыл бойынша, 11 қосымша ұңғыма қазылып, 110 шақырым тамшылатып суару жүйесі орнатылды, бұл 220 мыңнан астам жаңа ағашты суаруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, аудан әкімдіктері 58 учаскеде жалпы ұзындығы 187 шақырым болатын автосуару жүйелері орнатылды.

Статистика бойынша Көгалдандырумен қатар, өлі, жарамсыз ағаштар былтырғы жылмен салыстырғанда біршама азайған.

ДӘУЛЕТ БАҚЫТЖАНОВ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ; «Себебі құлау статистикасына келетін болсақ, қазіргі таңда авариялық қураған ағаштарды кесу жұмыстары, қалада құлау фактілері азайған».

Қазіргі таңда аудан бойынша-3500,  үйлердің аулаларында 1000ға жуық ағаш отырғызылуда,сонымен қатар Мамандардың сөзінше барлық отырғызылу ауа-райына байланысты жүргізіледі.