19 қарашада Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығының мамандары.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсияның жиынтығы дейді олар.Бұл өз кезегінде аталмыш аймақтардағы атмосфералық ауа сапасының нашарлауына алып келуі мүмкін.