«Ақорда» резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының,Сербия, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Австралия, Колумбия, Сирия Араб Республикасының елшілері тапсырды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына сенімдімін. Біз әртүрлі бағытта, соның ішінде экономика, инвестиция салаларында және саяси диалог тұрғысында ықпалдастықты нығайту үшін қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Қазақстан сіздердің халықаралық аренадағы сенімді серіктестеріңіз болатынына сендіргім келеді».