Ауылдағы ағайынға жайлы жағдай жасалу керек. Әсіресе, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту қажет. Сондай-ақ, шекара маңындағы елді-мекендерге басты назар аударылуы тиіс. Осылай деген Премьер-Министр Олжас Бектенов ауылда халық саны жыл санап азайып бара жатқанын айтты. Осыған орай, үкімет отырысында жауаптыларға бірнеше тапсырмалар ретін жүктеді. 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған ауыл мектептері аз емес. Денсаулық сақтау ғимараттары тапшы. Кейбір ауылдардың тұрғындары басқа елді-мекендерге барып емделуге, оқуға мәжбүр. Сондай-ақ ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және интернеттің қолжетімді болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түседі.Мұның барлығы ауыл тұрғындарының жаппай көшіп кетуіне себепші болады».

Айта кетейік, елімізде 6256 ауыл бар, онда 7,6 млн адам тұрады. Тіпті бар болғаны 10 мыңнан аса тұрғыны бар елді-мекендерде бар. Олардың саны 112-ні құрайды.