Астанада заңсыз крипто айырбастау пунктін ұйымдастырғандар сотталды. Олар өздерін кәсіпкер деп танып, криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, жылдар бойы аса ірі мөлшерде табыс тауып келген. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құрайды. Қаржы мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге
асыруға тыйым салынғанын қатаң ескертеді. Мұндай әрекетке барғандар қылмыстық жазаға тартылады.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Агенттіктің Астана қаласы бойынша Департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5% - ға дейін сыйақы комиссия алып отырған. Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді. Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды».