АҚШ тың экс Президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауда жеңіске жететініне сенімді. Айова штатында республикалық кандидаттар үшін кокус рәсімі бойынша дауыс беру ұйымдастырылды. Нәтижесінде Трамп штаттың республикалық сайлаушыларының 50% - дан астам дауысын жинаған.

ДОНАЛЬД ТРАМП АҚШ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ: "Бұл керемет тәжірибе болды. Біз үшінші рет жеңеміз. Бірақ бұл ең үлкен жеңіс. Егер сіз 12% артықшылықпен жеңсеңіз, бұл үлкен жеңіс болады. Менің ойымша, біз бұл көрсеткішті екі еседен астам, мүмкін үш есеге арттырдық".

Дауыс беру нәтижелері бойынша екінші орында Флорида штатының губернаторы Рон Десантис тұр. Ол 21% - дан сәл астам дауыс алды. Үшінші орында АҚШ – тың БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі Никки Хейли тұрақтады. Оның нәтижесі шамамен 19% құрайды. Дональд Трамп егер ол президент болып сайланса, көптеген өзгеріс әкелетіндігін алға тартты.

ДОНАЛЬД ТРАМП АҚШ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ: "Біз мұнайды бұрғылаймыз. Біз шекараны мөрлейміз, өйткені қазір миллиондаған адамдар басып кіруде. Мен олардың неге бұл жақсы деп ойлайтынын түсіне алмаймын. Бұл күрделі жағдаят.Бұл Нью-Йорк штатының тұрғындарынан көп адамдар тобы, біз бұған жол бере алмаймыз, қорқынышты. Олар түрмелерден, әлемнің түкпір-түкпірінен келеді".

Сауалнамалар көрсеткендей, республикалық сайлаушылар үшін ең маңызды мәселе көші-қон болып қала береді. Жақында олар Президент Джо Байденнен бұл мәселені шешуді талап ете бастады. Сонымен қатар, дауыс беруде төртінші орынға ие болған кәсіпкер Вивек Рамасвами өзінің кандидатурасын сайлаудан алып тастайтынын және жақтастарын Трампты қолдауға шақыратынын айтты.