Астанада ірі көлемде кокайн сатқан 33 жасар жігіт ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петров көшесінің бойында Haval автокөлігінің жүргізушісін жолда тоқтатады, оны тінту барысында күртешесінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді 30 орама табылып, тәркіленген. Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары осындай тағы 76 ораманы тапты.

33 жастағы ер адам интернет-дүкенде есірткіні орап, жинап және таратумен айналысқанын өзі мойындапты. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.