Контрабандалық жолмен жүк көліктерін тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды. Олар жалған құжат жасап 45 жүк көлігі мен оның тіркемелерін заңсыз елге кіргізген. Салдарынан мемлекетке 385 млн теңге сомасында залал келді. Қылмысты дер уақытында қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті анықтады, бүгінде іс сотқа жолданды деді агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды. Бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді».