2025 жылдың 6 мамырынан бастап Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы ресми түрде Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеме мәртебесін алды. Бұл — өңірлік медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Аурухана ұжымы бүгінгі таңда шалғай ауыл тұрғындарына алғашқы және мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді етуге бар күшін салып келеді. Жылжымалы медициналық кешендердің көмегімен елді мекендерді аралап, алдын алу шараларын жүргізу, скринингтер жасау және диагностика жүргізу сияқты ауқымды жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр.
ДАРХАН СЫБАНБАЕВ ЖАМБЫЛ КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Дәрігерлердің кәсібилігі мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында медициналық қызмет сапасы жыл санап жақсарып келеді. Бұл өзгерістер халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламалардың нақты нәтижесі ретінде қарастырылуда. Жаңа мәртебе — жаңа жауапкершілік. Ал аурухана ұжымы осы сенімді ақтап, ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жолында табанды еңбек етіп келеді. Ақ халатты абзал жандар Медицина қызметкерлері күні мерекесін де жұмыс үстінде атап өтті. Олар үшін басты қуаныш — шалғайдағы ағайынның алғысы мен амандығы.Шара барысында ұжым басшылығы бірқатар мамандарды марапаттап,жұмыстарына табыс пен алғысын білдірді.
АЙГҮЛ ҚОЙАЙДАРОВА ТЕРАПИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Медицина қызметкерлері күніне орай Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігі ақ халатты абзал жандарға арнап арнайы мерекелік кеш ұйымдастырды. Салтанатты шарада аудан тұрғындарының саулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер мен медицина саласының ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Үздік мамандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Айтулы шара дәрігерлерге деген қоғамның шынайы ризашылығы мен құрметінің көрінісі болды.