Конституция күніне орай инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында ерекше балаларды оқыту мекемелеріне көліктер берілді. Ақмола облысы бойынша 6 аудандағы арнайы оқу орны темір тұлпардың иесі атанды. Жалпы арнайы білімді қолдауға жергілікті бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. 

Астрахан, Жақсы, Зеренді, Біржан сал және Сандықтау аудандарында орналасқан психологиялық-педагогикалық түзету оқу орындарына, арнайы жабдықтармен жарақтандырылған көліктің кілті табыс етілді. Техникаларды сатып алуға 150 миллион теңге бөлінген.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Облыста оқыту жүйесін дамыту үшін барлық жағдай жасалып жасалуда. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру жүйесіне назар аударылады. Мында маңызды міндеттердің бірі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Осылайша ағымдағы жылы 150 орындықты, 16 оңалту орталығының құрылысы басталды. 450 орындық 2  арнайы балабақша құрылысы жүргізілуде».  

Айта кетейік, Степняк қаласында орналасқан №5-нші психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне де көлік берілді.  Оқу орнының 20 жылға жуық тарихы бар. Қазіргі уақытта бұл мекемеде 40-тан астам бала білім алып жатыр.

ҚАРЛЫҒАШ БИЖАНОВА, СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНДАҒЫ №5 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Өте қуаныштымыз. Үлкен алғысымызды айтамыз. Бізде қазір 12 елді-мекеннен 24 бала келіп жатыр сабаққа. Соларды жеткізу бізге үлкен мәселе болған. Бүгін міне осы мәселе шешіліп, кілтті алып, ауылымызға қызық-қуанышпен аттанып жатырмыз».

Бұл өңірде осы бағыт бойынша 20-дан астам түзету кабинет бар. Облыста барлығы 12 мыңнан астам ерекше бала бар. Айта кетейік, келер жылы тағы да қосымша 30-ға тарта кабинет ашу жоспарланып отыр.