Ақтаудағы 19-шы шағын аудан тұрғындары іргелерінде бой көтергелі тұрған құрылысқа қарсы. Көптің наразылығын тудырған нысан жайлы дайындалған материалға кезек берсек.

Жиналған тұрғындармен қатар үйдің бірінші қабатынан коммерциялық нысан сатып алған кәсіпкерлерде өз наздарын жеткізді. Құрылыс ең алдымен көлік қозғалысына қиындық тудырып, бизнес өкілдерінің кәсібіне кедергісін тигізбек. Өрт сөндіру, жедел жәрдем көлігінің кіруі де мұңға айналмақ. Осыны ескерген тұрғындар әкімдіктен жауапты мамандарды шақырған.

БОТА ОТАРАЛИЕВА  АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Балаларға мына жер бесопасный емес. Кепіл қайда? Ертең пожар болса, кім гарантия береді? Жеке кәсіпкерлерді қолдау деген қайда? Бізде қырғын ақшаға сатып алдық. Қырғын ақшамен ремонт жасап жатырмыз. Қазір алдымызды жауып тастайтын болса мынаның астында газ жүріп жатыр».

Қазір құрылыс аумағын қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілік тарапы, бұл жер осыдан 3 жыл бұрын берілгенін, құжаттары бар екенін жеткізді. 

ЖАНДОС ӨТЕЛГЕНОВ  АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ «Аталған жер учаскесі 2021 жылы ақтау қаласы әкімінің қаулысымен мобилді повильондарды кеңейту үшін 330шаршы метр жер учаскесі берілген. Аталған жер учаскесінде қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталып жатыр». 

Тұрғындар талаптары орындалғанға дейін жауапты органдарға шағымданатындарын жеткізді.