Ақмола облысының Бұланды ауданына қарасты бірқатар ауылдарда 100-ден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға берілетін бұл үйлерге "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2,7 млрд қаржы бөлді. 

Журавлевка ауылында бой көтеретін үйлерге 4 мердігер жауапты. Қазіргі уақытта баспана тұрғызылатын жерге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны – 1 млрд. 75 млн. Тенге.

АЛТЫНБАЙ ӘРІНОВ МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біз мұнда 23 үй саламыз. Ертең құрылыс материалдары келіп, алғашқы іргетасы қаланады. Құрылыс материалдардың барлығы Астана, Қарағанды қалаларынан және Макинск зауытынан газ блогтар алынды. Ал кірпішті біз Көкшетау қаласында "Enki" зауытынан әкелеміз. Олармен келісім-шартқа отырдық».

Ал, Ивановка ауылындада игі іс жалғасын тауып 41 үй бой көтереді. Ол бойынша 1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бүгінде 2 үйдің керегесі қаланып,11 үйде  жалғасып жатыр. 

АНДРЕЙ ПЕТРОЧЕНКО МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Құрылыс жұмыстарына 60-тан астам адам жұмылдырылды. Бүгін тағы 30 адам келді. 13 үйдің қабырғалары көтерілді. Аптаның соныңа дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз». 

Капитоновка ауылында да 15 үйдің құрылысы басталды. Су, электр және жылу желілері тартылды.  Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан барлық нысан 1-ші қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.