Ақтаудағы 27 шағын ауданда орналасқан жекеменшік "Әлфараби" мектебінің 20-дан астам мұғалімі еңбекақыларын уақытылы ала алмай отыр. Оған қоса жазда шыққан еңбек демалысының да қаражаты төленбеген. Ашынған ұстаздар бүгін оқушыларға сабақ беруден бас тартты.Толығырақ келесі бейнематериалда.

Аталған білім мекемесі осыдан 3 жыл бұрын жұмысын бастаған. Қазіргі  таңда мыңға жуық оқушыға 70 шақты ұстаз білім беруде.  Алайда, бүгін  білім ордасының педагогтері жұмысты тоқтаты. Оған себеп - тиісті еңбеканың дұрыс төлендеуі мен еңбек демалысының қаражатын дұрыс бермеу. Онымен қоса зейнет ақы жарнасы мен міндетті медициналық сақтандыруға ақша да аударылмаған. Бірнеше рет басшылыққа кіргенімен нәтиже жоқ деп отыр. Ашынған ұстаздар құрғақ  уәдеге әбден тойдық, дейді.

Рахат ШӘУДІРБАЕВ - МҰҒАЛІМ «Жалақымыздың 10 пайызын тек қана 40 мың түсті зейнетақы. Одан кейін ешқандай да, бір тиын да ақша ауған жоқ. Міне, біз үшінші оқу жылын бастап жатырмыз. Сонымен бірген тек қана зейнетақы қорына ақша түспегенімен бірге міндетті медициналық сақтандыру қорына әр тапқан табысымызға 2 пайыз одан біір тиын да ақша түскен жоқ. Еңбек демалысына шыққан маусы айының басында шықты мұғалімдер мен 11-де шықтым. Еңбек демалысының ақысын әлі алған жоқпыз. 6 ай уақыт өтті. 6 айдан бері созбалап келе жатыр. Күнде береміз деп. Бұл таусылмайтын не проблема екенін біз білмедік. Ақшамызды сұрасақ есепшотымыз жабық дейді. Тағысын тағы түрлі сылтау болып жатыр». 

АЙКӨРКЕМ МАҒЗАМ - МҰҒАЛІМ «Арасында кешігуі болды айлықтың. 2024 жылдың мамыр мен июнь айлығын әлі ала алмай жүрмін. Мамыр-маусым айының айлығын. Әлі күнге дейін берген жоқ және еңбек демалысымның ақысы бар. барлығын әлі күнге дейін алып отқан жоқпын. Міне, қазір аударамын, ертең аударамын дейді алдына барғанда жібереді болды. Міне аударып жатырмын дейді болды жоқ содан. Енді сотқа беріп қойдым. Одан әлі хабар жоқ. Е-өтінішке де жаздым». 

Мектеп директорының айтуынша, былтыр оқу ордасы банкроттық жағдайға жеткен. Алайда, өз күштерімен күні бүгінге дейін ақша төлеп келіпті. Қазірде 10 шақты мұғалімге еңбек демалысына ақша төленбегенін жасырмады. 

Еркебұлан НҰРХАНҰЛЫ - ЖЕКЕМЕНШІК ЛИЦЕЙ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Қолхат беріліп, алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Зейнетақы қорымен медстрахования бойынша жүргізілген мамандар бар, жүргізілмеген мамандар бар. Ол енді жеке қызметкерлердің өзімен келісім шарт бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда октябрды алмағанда 20 шақты мұғаліміміз бар оларға да айлық жалақылары түсіп жатыр. Мекеме қазір қиын жағдайда тұр. Бірақ, мәселе шешілу үстінде. Мұғалімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр». 

Бұл жағдаймен қалалық білім бөлімінің басшысы да хабардар. Айтуынша, шаһардағы жекеншік оқу ордалары білім бөліміне қарасты емес. Алайда, мәселені шешу үшін жұмыстар жасалып жатқанын  жеткізді. 

ҒАНИ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ - АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Олар тікелей Оқу ағарту министрлігі жанынан құрылған "Қаржы" орталығымен жұмыс істейді. Қаржыны министрлік бөледі. Біз тек қана жекеменшіктердің білім сапасын қадағалаймыз дұрыс берілуін. Педагогтардың шағымын ескере отырып, осы аталған мектептің басшылығымен сөйлестік. Мәселемен таныстық және бұл мәселенің тезірек шешімін табуға ықпалдасуын өтінген болатынбыз. Келіссөздердің арқасында жақын арада бұйырса мұғалімдердің арыз-шағымы оң шешімін табады деп күтудеміз». 

Осылайша, мектеп директоры мәселені 1 апта емес, жыл соңына дейін шешуге уәде берді. Ал ұстаздар болса, бұл жағдай оң шешімін таппаса, сотқа арызданып, түйіткіл шешілгенше арыздана бермек.