Кешелі бері Маңғыстауда жағымсыз иіс пайда болды. Ақтаулықтар күйік иісіне шағымданғаннан соң экология департаментінің мамандары дереу атмосфералық ауадан сынама алған. Нәтижесінде ауада көміртегі оксидінің концентрациясының асып кеткені анықталған.

Алдымен жағымсыз иіс Ақкетіктен сезіле бастаған. Ал Ақтаулықтар бұл иісті келесі күні түнгі мезгілде байқапты. Күндіз  қаланы жағымсыз иіс жайлады.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Облыс аумағында ешқандай өрт болмаған. Ресейдің Астрахань облысының аумағында қамыс өртенген. Жылда күз мезгілінде қамыс қурап адами, табиғи факторлар әсерінен өрт оқиғалары орын алады. Қызыл жалынның дәл сол аумақтан шыққанын онлайн карталардағы өрттердің аэроғарыштық мониторингінің нәтижесі де растайды.

 МАҒЖАН ҒАЛЫМОВ -МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Күйік исінің шығуына байланысты  зертхана мамандары қаланың барлық бөлігінен сынамалар алып қарады. Ауада көміртегі оттегінің шамадан тыс артуы анықталды. Бірақ көп мөлшерде емес. Жылда осы қайталанып отырады көктемгі, күзгі мезгілдерде қамыстың кебуіне байланысты. Өте тез тұтанатын өсімдік».

«Қазгидрометтің»  мәліметі бойынша кеше желдің бағыты солтүстік-батыстан, орташа жылдамдығы 5 метр секундпен соққан. Экологтар егер жел осы бағыттан соғар болса түтін иісі қалаға қайта сезіледі деп отыр.