Неміс ғалымдары 500 жыл бұрын жасалған протездік қол тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның қаңқасы Баварияның Фрайзинг қаласында құбыр төсеу кезінде табылған.

Археологтар бұл олжаны сирек және маңызды деп санайды.Зерттеу нәтижесі көрсеткендей ер адамға тиесілі болған.

АМИРА АДАЙЛЕХ АРХЕОЛОГ: «Біз протездік қолды жиі кездестіре бермейміз. Әсіресе 500 жылдық тарихы бар. Осы уақытқа дейін Орталық Еуропада осы жастағы шамамен 50 протездік қол табылды. Ал бұл протездеу тарихтың қызықты мәліметтерін білуге мүмкіндік береді».

Радиокөміртекті зерттеу бұл адамның 1450-1620 жылдар аралығында қайтыс болғанын көрсетті. Оның жасы 30 бен 50 аралығында. Протез ер адамның сол қолының төрт саусағына орнатылған. Дегенмен, оның бас бармағы әлі де бар. Жасанды саусақтар металдан жасалған. Ішінде қуыс. Олар бір-біріне параллель орналасқан және аздап бүгілген - қолдың дәл табиғи жағдайындағы секілді.

МАТИАС ПФЕЙЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Ол кездері тіс протездері сән-салтанат болатын. Әдетте, соғыста аяқ-қолынан айырылған адамдар орнын толтыратын адам таппаған. Ал қазір басқа жағдайды көріп отырмыз.Әрине, бұл протездеу толық жұмыс істемегенімен дәрігерлер бұл адамның өмірін жеңілдетуге тырысқан. Айта кету керек, мұндай әдіс сол кездің өзінде жақсы нәтиже көрсеткен».

Ғалымдардың пайымдауынша, протездің артқы жағы терімен жабылған. Сонымен қатар олар дәкеге ұқсас зат тапқан. Бұл мата қолды металмен үйкелістен қорғаған болуы да мүмкін.

МАТИАС  ПФЕЙЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Бұл сол кездегі медицинаның қаншалықты дамығанын көрсетеді. Протез жасау – күрделі мәселе. Өте қызықты оқиғасы бар адамның табылғаны да маңызды. Баварияда орын алған  көптеген оқиғаларды ашуға болатынын көрсетеді».

Археологтардың айтуынша, ер адам соғыста саусақтарынан айырылған болуы мүмкін.