Ақтауда көлік қаққан екі баланың бірі оңалып келеді. Өздігінен тыныс алып, тамақтанады. Ал екіншісі әлі күнге дейін ес-түссіз, жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Дәрігерлердің бақылауында. Айта кетейік, 14 мамыр күні жүргінші жолағы арқылы жолдан өтпек болған екі жеткіншекті көлік қағып кеткен болатын.
ЖҰЛДЫЗАЙ ҚАЛИЕВА - МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «2013 жылы туған науқас жансақтау бөлімінде, комада жатыр. Жасанды тыныс алу апаратына қосылған. Жағдайы ауыр. Ал 2014 жылы туған науқас қазіргі таңда травмотология бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Өздігінен тыныс алады».