Алматыда көпшіліктің көзайымына айналған «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Ауқымды мәдени шара Қазақстан, Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен келген кәсіби қуыршақ театрларын біріктіріп, шығармашылық тәжірибе алмасуға, ұлттық дәстүрлер мен заманауи театр өнерін таныстыруға үлкен мүмкіндік берді.Фестиваль аясында қатысушы елдердің режиссерлері, актерлері, театртанушылары мен сарапшылары қатысқан дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында қуыршақ театрының дамуындағы өзекті үрдістер, заманауи сын-қатерлер мен дәстүр мен қазіргі көркемдік тәжірибе арасындағы байланыстың жолдары талқыланды.
«Ортеке» фестивалі тағы да халықаралық мәдени алаң ретіндегі жоғары мәртебесін дәлелдеп, театр өнерінің дамуына және мәдениетаралық диалогты нығайтуға зор үлес қосты.