Ақтөбеде жол апатынан бір отбасының 5 мүшесі мерт болды. 26 тамызда кешкі сағат жетілер шамасында Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы тіл тартпастан көз жұмды. Жедел жәрдем 4 жасар бала мен 1996 жылы туған жүргізушіні ауруханаға жеткізген болатын. Өкінішке орай, түрлі дене жарақатын алған балақайды аман алып қалу мүмкін болмады. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

АСЛАН ШОТАНОВ ҚОБДА АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазіргі таңда Қобда аудандық полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде».