Үкімет АЭС бойынша референдум өткізу туралы жобаны мақұлдады. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ғалымдар мен сарапшылар энергетиканы дамытудың бағыттарын талқылады. Отырыс барысында қаулы жобасына дауыс беру жүргізілді, 22 адам толықтай қолдады.
Олжас Бектенов елімізге Атом электр станциясы салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын, тәжірбиелі мамандар даярланып жатқандығын айтты. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам екендігін мәлімдеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Бұл саланың перспективасы зор екені анық. Бізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген. Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам. Әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша».
Үкімет басшысы бұл саланың перспективасы үлкен екенін және елімізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілгенін жеткізді. Қазақстан қазірдің өзінде энергетикалық қуаттың тапшылығын сезініп отыр. Оны тұтыну көлемі жыл өткен сайын артқанымен, өндіру жағы ақсап тұр, өйткені электр энергиясын өндіретін коммуналды инфрақұрылым тозған.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Біз қазірдің өзінде өзінде энергетикалық қуаттың тапшылығын сезініп отырмыз. Біздің еліміз секілді, ең көп энергияны пайдалатын экономиканы дамытуға дәл осы атом энергетикасы негіз болып, халқтың тұрмыс деңгейін одан әрі арттыруға көмек беруі тиіс. Сондақтан біз өзімізді баламасы жоқ,тұрақты және сенімді энергия көзімен қамтамасыз етуміз қажет».
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде Атом электр станциясы салынса 8000 жұмыс орны ашылып, 2000 адам жұмыс істейтінін мәлімдеді. Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшысы Энергетика министрлігіне үкімет аппаратымен бірлесіп Президент Әкімшілігіне жарлық жобасын енгізуді тапсырды.