Алматыда 12-ші Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтті. Фестивальді дәстүрлі түрде Алматы қаласы әкімдігінің Tanaris Production және A Team кинокомпанияларының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Биылғы жылы фестивальде BASTAU SHORTS халықаралық байқау бағдарламасы болады. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен ұсынылған қысқаметражды, деректі және анимациялық дебюттік фильмдер көрсетіледі.
СЕРГЕЙ ӘЗІМОВ, «БАСТАУ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Біздің негізгі мақсатымыз- жастарға, дарынды жастарға көмектесу, жаңа аттарды таныту, жалпы мына қазақ киносының потенциялы өте мол,жастарға қазіргі кезде біздің көмегіміз, біздің назарымыз, біздің мұқиятымыз ауадай қажет.Сол себептен барлықтарыңызға осы фестивалге қатысуға шақырамыз».
Шара режиссер Алина Мұстафинаның дебюттік толықметражды туындысы - «Оның әкесіне, менің арғы атама, оның арғы атасына пірәндік» деректі фильмімен ашылады. Бұл конкурсқа қатысу үшін 500-ге жуық өтінім келіп түскен. Оның 43-і іріктеуден өткен.
ШЫҢҒЫС ЕРГӨБЕК Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКЕДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ «Фестиваль шын мәнінде өзінің кәмелет жасына жетті және болашаққа нық аяқ басып келе жатқандығының бірден-бір көрсеткіші болса керек. Бастау кинофестивалі текұлттық кинематографияға емес, халықаралық кинематография аренасына жас мамандардың алғашқы қадамын жасауға тиімді платформаға айналды деуге толық негіз бар.»
Айта кетейік, 14-ші желтоқсанға дейін байқаудың барлық көрсетілімдері «Тұран» университетінде көрсетілетін болады. Кіру тегін.