Биыл Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. 1994 жылы алғаш рет жергілікті өкілді органдардың жұмысын бастауымен еліміздің демократиялық дамуында жаңа кезең басталды. Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін құрайтын маңызды институттардың бірі.

Мәслихаттардың басты міндеті – жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғап, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына ықпал ету. Олар өңірлік мәселелерді шешу жолдарын талқылап, жергілікті бюджетті бекіту, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының жұмысын қадағалау сияқты маңызды функцияларды атқарады.30 жыл ішінде мәслихаттар елдің өңірлік саясаты мен қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне бейімделіп, тиімді қызмет көрсетудің заманауи әдістерін енгізді. Халық пен билік арасындағы байланыс көпіріне айналған бұл институт азаматтық қоғамның нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Айтулы мерекеге орай Алматы облысы,Қарасай ауданында арнайы жиын болып өтті.Аудан әкімі мәслихат депутаттарына аймақтың ілгері басуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді.

ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Шара барысында өткенді еске алып, жетістіктерді саралады.Алға қойған міндеттерді даралады.

САМАТ МӘЛІКҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы – еліміздің тұрақты және демократиялық болашағының кепілі.Мәслихат депутаттарының 30 жылдығына орай ауданның ілгері басуына үлесін қосып жүрген бір қатар азаматтар Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың және Алматы облысы әкімінің құрмет грамоталарымен,сонымен қатар арнайы төсбелгілермен марапатталды.

ҰЛТАЙ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ «АСЫЛ АНА» АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Сондай-ақ аудан басшысы да аймақтың ілгері басуына ат салысып жүрген бір қатар азаматтарды марапаттап, алдағы күндері бірлесе еңбек етуге шақырды. Мәслихаттардың 30 жылдық мерейтойы еліміздің әр өңірінде түрлі шаралармен аталып өтіп, олардың жетістіктері мен атқарған жұмыстары насихатталуда. Бұл – халықтың сенімін арттырып, жергілікті басқарудың жауапкершілігін тереңдетуге бағытталған маңызды қадам.