Кеншілер еңбегі еленген күн. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары кезінде өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Премьер-министр Жыланды кенішінде болып, сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелері – Шахтер күнімен құттықтап, оларға Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті. Айта кетейік, өңірдегі мыс шығарушы компанияның әлеуеті жақсы. Республикалық және жергілікті бюджетке түсетін түсімдері бірнеше есеге артқан. Нәтижесінде, Ұлытау облысы өнеркәсіптің өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 7% өсіммен елімізде 4-орында тұр. Премьер-Министр осы қарқынды төмендетпеуді тапсырды және одан әрі өсу үшін қолда бар резервтерге назар аударды. Естеріңізге саламыз, елімізде жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде Шахтер күні аталып өтіледі.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Кеншілердің қажырлы еңбегі қашанда зор құрметке лайық. Өйткені, олар жұмыстың ауырлығына, қауіптілігіне қарамай, ел экономикасын өркендетуге үлес қосып отанымыздың игілігіне қызмет етіп келеді. Бүгінде елді индустрияландыру саясатына белсенді түрде жалғастыруда. Бұл орайда өңдек өнеркәсібіне қажетті кен өндірісінің дамуы үкіметтің ұдайы назарында. Осы мереке қарсаңында Мемлекет басшысы еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан бірқатар кеншілерді, еңбек ардагерлерін жоғары наградамен марапатады. Біз егемендікке қол жеткіздік. Экономикасы қуатты ел ретінде әлемге танылдық. Қаншама тағдырлы жеңістің куәсі болдық. Бұл ретте кәсіби біліктілігін елдің игілігіне арнап келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз де ерекше».