Алматы қаласының ТЖД мамандары жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Төтеншеліктер жеке тұрғын үйлерді аралап, халыққа өрттің алдын алу шараларын түсіндірді.Толығырақ тілші бейнематериалында.

Алматылық төтеншеліктер қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға улы газдың ену қаупін алдын алатын құрылғыларды орнатып жатыр.Солардың бірі Наурызбай ауданында тұратын Любовь Телехова. Жалғыз басты зейнеткер үшін бұл үлкен көмек болды.

ЛЮБОВЬ ТЕЛЕХОВА ТҰРҒЫН «Жігіттерге алғысымды білдіремін, менің пешімді жөндеп, арнайы құрылғы орнатып берді. Көп-көп рахмет.

Наурызбай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, ауданда жыл басынан 39 өрт болған. Оның 29-ы жеке тұрғын үйге тиесілі. Соның салдарынан 11 адамға ыс тиген.

ЕРКЕБҰЛАН  ӨМІРБОЛАТ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ «Қазіргі таңда жылыту маусымына дайындық өткізіп жатырмыз, бұл дайындықтың қарсаңында осындай әлеуметтік осал топтарды, белгілі бір үйлерге келіп, осы адрестік өрт текникалық көмек көрсетіп жатырмыз. 2024 жылдың басынан бізде 11 адам улы газбен уланды, оның 4- еуі жасөспірім. Адамдар ұйықтаған кезде, адамдарды оятып, шыңғырлап алдын ала дыбыс береді.Алдын ала адамға ескерту ретінде жұмысын жасайтын болады демек, ұйықтаған кезде адамдар ол датчикті естіп, эвукацияланып,  101-112 нөмерлеріне хабарласып болған оқиға жайында түсіндіретін болады. 

Қазір Наурызбай ауданында 23 535 жеке тұрғын үй бар. Оның 11-і қатты отынмен жылынатын пешті қолданады. Оларпды алдағы жылыту маусымына дейін орталықтандырылған газға қосу жоспарда.