"

«Жақсының аты өлмейді». Алматы облысында белгілі ақын Серік Қалиевті еске алуға арналған кеш ұйымдастырылды. «Болашаққа хат» деп аталатын шарада, айтулы азаматтың біз білетін және білмейтін қырлары ашылды.

Серік Қалиев – қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол өзінің шығармаларында халықтың рухын, дәстүрін, мәдениетін дәріптеп, еліне сіңірген еңбектерімен танымал. Оның поэзиясында елінің тарихы, тұрмысы, табиғаты және адамдардың сезімдері кеңінен өлең болып өрнектелген. Ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып, жастарды тәрбиелеуге, патриотизмді насихаттауға күш жігерін салған еді. Ол сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, елдің болашағына алаңдай отырып, өзінің ой-пікірлерін ашық білдіріп, әдебиет арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосты.

БАҒЛАН ОМАРОВ САЗГЕР,ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 

Ақынның еңбегі тек поэзиямен шектелмей, өзінің шығармашылығымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып, жастарды мәдениетке және өнерге баулыды. Серік Қалиевтің еңбектері арқылы қазақ әдебиетінің рухы, қазақ халқына деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеу сынды аспектілер айқын көрініс тапты. Марқұм еліміздің тарихи-өлкетану саласының ілгері басуына да азаматтық үлесін қосып кеткен болатын.

НАРГИЗА ЕРҒАЗИЕВА ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ

«Болашаққа хат» деп аталған шарада әнішлер ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, көптің көңілін босатты.Жергілікті әкімдік өкілдері Серік Қалиевтің жұбайын сахна төріне шақырып, сый-сияпатын жасады.Сондай-ақ  ақын кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті.