Америкалық инженер Стюарт Тартароне технология тарихында  із қалдырған тұлға.  Ол 70-ші жылдары AT&T Labs компаниясының  алғашқы ұялы телефондарын әзірлеушілердің бірі.

Биыл ұялы телефон арқылы алғашқы коммерциялық қоңырау шалынғанына 40 жыл. Әрине, бұрынғы модель қазір қалтаға салынған ықшам құрылғылардан өте өзгеше болған. Телефондардың құрамдас бөліктері технологиялық прогреске қарай азайып барады. Әуелі олар үйлерден кейін  көліктерге қондырылған еді. 

СТЮАРТ ТАРТАРОНЕ – ИНЖЕНЕР:  "Команда алпысыншы жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың басында қалыптасты. Мен Bell Laboratories-ке 1972 жылы ұялы телефон тек жобада болған кезде келдім. Осы командамен біз барлық техникалық жұмысты жүргіздік және 1983 жылы алғашқы коммерциялық қоңырау соғылды. Бұл алғашқы ұялы телефондардың бірі. Ол бүгін Сіздердің қолдарыңызда ұстап отырғандарыңыздан біршама өзгеше.  Себебі,  оны көлікке орнатқан. Багажда таратқыш, жоғарыда антенна болған".

AT&T ұялы телефондар мұрағатын 1983 жылдан бері сақтап келеді. Алғашында ауқаттыларға ғана қолжетімді болған  гаджеттер кейіннен көпшіліктің күнделікті қолданыстағы құралына айналды. Инженер Тартароненің айтуынша мұндай  жетістікті тіс қаққан  бизнесмендерде болжай алмаған. 

СТЮАРТ ТАРТАРОНЕ – ИНЖЕНЕР: "Әзірлеме аяқталғаннан соң  біз мұндай қызмет үшін нарықта орын  жоқ деген қорытындыға келдік. Осыған ұқсас зерттеулерді  шамамен он жыл өткен соң жүргізген. Дәл сол қорытынды жасалды. Сондықтан ешкім де бүгінгідей жетістікті  болжай алмады".
 
Ұялы байланыс тарихындағы алғашқы қоңырауды  1983 жылы 13-қазанда Дэвид Мейлан жасады. Бұл  бақытты жан ол уақытта  сақтандыру агенті болып жұмыс істеген.  Ол Чикагодағы AT&T жарнама шарасы кезінде ұялы телефонға қоңырау шалған.   Автокөлік  телефонын бірінші болып сатып алған ол  телефон түтігін, магистральдық таратқышты және   антеннаны қосқан. Антенна бүкіл қала бойынша AT&T орнатылған бірнеше ұялы байланыс мұнарасына қосылған.

ДЭВИД МЕЙЛАН – АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ ЖАСАҒАН АДАМ: "Менде радиотелефоны бар автокөлік болды. Мен оны бизнеске   пайдаландым. Ол жақсы жұмыс істеді, бірақ  онымен байланысу өте қымбат болды ".

Ал 1973 жылдың 3 сәуірінде пайда болған  ұялы телефон Мартин Купердің өнер табысы.   Портативті  телефонмен бірінші болып қоңырау щалған да өзі. Ол өз командасы Motorola компаниясында бес ай бұрын жасалған ұялы телефонды қолданған.