Блендерге саусағы қыстырылған адамға көмек көрсетілді. 2024 жылдың 31 қаңтарында сағат 10-нан 55 минут өткенде Қызылорда қаласындағы Жеңіс көшесіндегі пәтердің тұрғынынан 20 жасар азаматтың саусағы блендерге қыстырылып қалғаны туралы шақырту түсті.

Аталған мекенжайға жеткен құтқарушылар арнайы құрылғымен блендер аппаратын кесіп, оның саусағын құрылғыдан шығарып берді. Қазіргі кезде Ковашев Тимурдың жағдайы қалыпты. Бозбаланың анасы Лаура Оспанова құтқарушыларға зор алғысын білдірді.