БҚО-ның қызылша ауруына шалдыққан 70-тен астам науқас ем алып жатса, оның үшеуі жансақтау бөлімінде. Сырқаттанғандардың 50 пайыздан көбі балалар көрінеді. Оның ішінде бір жасқа дейінгі сәбилер де дертпен күресуде. Екпе алу - қызылша дертіне тосқауыл болар жалғыз жол. Өңірлік эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығын түсіндірген инфекционист-дәрігерлерлер осылай дейді. Мамандардың айтуынша, инфекция жөтел, түшкіру кезінде ауа тамшылары арқылы таралады. 

НАЗЫМ ҚАБДЕНОВА БҚО ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕРІ «Қызылша дерті асқынған сәтте минингит, отит сынды ауруларға ұласады. Егер сәби қызылшамен ауырса, уақытылы ем алмау салдарынан есту қабілеті нашарлауы мүмкін. Бұл бір ғана мысал. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Күнтізбеге сәйкес екпе алу қажеттігін ата-аналардың қаперіне салғымыз келеді».