БҚО-да ер адам сібір жарасын жұқтырды. Бұл туралы облыстық эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мамандары хабарлады. Мамандар азамат ауру малды сою кезінде инфекция жұқтырып алғанын айтады. Сібір жарасының қаупі жайлы толығырақ келесі сюжетте.

Сібір жарасы- жануарлар мен адамға жұғатын ауру. Дер кезінде ем алмаған жағдайда адам өмірін өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сырқат ауруға шалдыққан мал мен оның ас-жемін ұстаған кезде жұғады. БҚО-ның Қазталов ауданында Сібір жарасын жұқтырып алу дерегі тіркелген.. 

НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Мамандар қазіргі таңда ер адамның жағдайы қалыпты екенін айтады. Ол облыстық жұқпалы ауруларға арналған ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Науқаспен байланыста болған жандар медициналық бақылаудан өтіпті. Мамандар  сырқатты жұқтырып алмас үшін профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырады. 

НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Эпидемиологтер БҚО аумағында соңғы рет сібір жарасы 2014 жылы тіркелгенін айтады.