Абай атындағы ҚазҰлттық Педагогикалық Университетінің Сорбонна-Қазақстан институтына 10 жыл. Осыған орай Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге аталмыш оқу орнына арнайы келді. Мәртебелі мейманды ұстаздардың ұстаханасына айналған білім ордасының ректоры қарсы алып, университеттің тарихынан сыр шертетін қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер туындылары қойылған мұражаймен таныстырды.
Қос мемлекеттің уағдаластығы аясында жүзеге асып отырған Сорбона институты француз тілін меңгергісі келетін жастарға жол ашты.2018 жылдан бастап институт 1200-ден астам студент шығарды.170-тен астам студент Францияның серіктес университеттерінің дипломдарымен Француз диссертацияларын сәтті қорғаған.