Батыс Қазақстан облысына қарасты Депо ауданындағы көпірдің екі бөлігін біріктіртін жік сөгіліп, көлік жүргізушілеріне қиындық туғызып отыр. Бұл мәселе әсіресе дөңгелектердің тез жарамсыз болуына әкеліп, тұрғындардың наразылығын тудырып отырған жайы бар. Аталған көпір 2018 жылдың қыркүйек айында қала күніне орай ашылған. Президент тапсырмасымен толықтай жаңғыртылған нысан 1965 жылы салынған болатын. Бұрын жол қос жолақты болса, енді төрт жолақтыға айналып, 18 жарық бағанасы орнатылды. Осылайша көлік өткізу мүмкіндігі екі есеге өскн еді. Сол себеп пе, әлде құрылыс сапасы нашар болды ма, кім біледі, қазіргі жағдай-осы. Қалалық әкімдік жағдайды жақсы біледі. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары тек жаз мезгілінде жүргізілетіндіктен қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша мердігерлермен келіссөздер жасалып жатыр. Бірақ нақты мерзімі әлі белгісіз.
ЕРЛАН ШАЙХИЕВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дегенмен, көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін бұл мәселені мүмкіндігінше жылдам шешу қажет. Өйткені Депо көпірі қаланың екі бөлігін байланыстыратын маңызды нысандарының бірі.