Ел президентінің "Ана тілі" газетіне берген сұқбатын оқи отырып, жыл бойы қоғамның кез келген саласында қыруар істердің орындалып, алдағы жылдары бұдан да өсіп-өркендеу жүзеге асатынын көруге болады.
Атап айтар болсақ, экономиканың қазіргі салаларын дамытуда, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыруда және оларды технологиялық қайта жабдықтауда құрылған бағдарламалардың іске асырылғанын, цифрлық инфрақұрылымды күшейтуде ауқымды жобалардың жасалғанын, еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуда маңызды да мазмұнды бастамалардың орындалғанын баса атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылатын қаржылық активтерді жинақтау мен тұрақтандыру функцияларының орындалғандығын, әсіресе, елімізде алғаш рет «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылғанын халықтың келешегіне инвестиция салуда маңыздылығы жоғары екенін көруге болады. Ел жағдайының жақсаруында зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысының бірнеше пайызға көбеюі басты көрсеткіштердің бірі екендігін атап өткен жөн. Бұл Қазақстанды – әлеуметтік мемлекет ретінде танудың бір нышаны деуге болады.
Білім саласында, өткен жылы еліміздегі белді университеттердің негізінде шет елдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылуын үлкен жетістік деп білеміз. Өйткені кез келген прогресстің артында ғылыми қуат пен әлеует тұрады. Ал сол ғылым мен білім саласын дамытуда университтеттердің рөлі шешуші болып қала бермек.
Осы тұста, өткен жылдың басты жаңалығы – Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте «Smart технологиялар инженериясы» кафедрасында заманауи электрондық құрылғыларды схемотехникалық жобалау жүзеге асырылып, монтаждау және баптау зертханасының ашылуы болашаққа деген үлкен мақсат-міндерттерді орындауда аса қажетті орталық болып құрылғанын атап кеткен жөн.
Жаңа орталық білім беру, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды әзірлеу үшін негізгі алаң ретінде құндылығы жоғары. Ол болашақта жоғары технологиялық салаларда сұранысқа ие болатын мамандарды дайындауда аса маңызды нысан болмақ.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы, «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» деген ұстаныммен елдің тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, экономикалық нығайуына, қазіргі геосаясат ахуалының дамуына мейлінше мән беріп, нәтижелі істер жүргізіп, еліміздің егемендігін және халықаралық аренадағы орнын танытуда тиісті шешімдер жасап, жүзеге асыруда.
Президентіміз Мемлекет басшысы ретінде ішкі және сыртқы саясат мәселелерімен күнделікті айналысып, маңызды жұмыстар жасап оңтайлы нәтижеге қол жеткізе білген бірден-бір – кәсіби дипломат. Елімізде болған түрлі келеңсіздіктер мен төтенше жағдайларға байланысты да нақты шешімдер шығарғанын, халықаралық аренадағы түрлі іс-әрекеттерге жауапкершілікпен қарап, қазіргі заманның аса күрделі мәселелеріне келгенде, сындарлы ұстанымды ұстанғанын көре аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы берген сұқбаттың маңыздылығы аса құнды дей келе, әр Қазақстандық азаматтың білуі тиіс, әрі мәнін жіті түсінуі қажет деп есептейміз. Адам баласының дұрыс жүріп-тұрып, салиқалы өмір сүруіне қажетті дәйектер: тәртіп, білім, білік, бірлік, ғылым, еңбек, қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, ішкі-сыртқы саяси мәселелер т.с.с ең басты факторлар мейлінше жүйелі талданған. Жарияланған сұқбатты үлкен мазмұн қамтылған мақала деп танып, «Өткеннің алдында басыңды иіп, болашақтың алдында білегіңді сыбан!» – дейтін ұстаныммен жүру керектің дәлелі!
МИТУ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Д. Карбозова