"

Елімізді әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық сыйлығының қорытындысы шықты. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының халық артисі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың «Мәдениет қайраткері» болып танылды, - делінген хабарламада.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы16 қаңтарда өтпек. Айта кетейік, таяуда ғана Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанған болатын.